«Айнұрдың қоры да мұқият тексерілуі керек»: белгілі заңгер айтыскер ақынға тиісті

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парағына жазды.

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек айтыскер ақын, қазір коуч, психолог, блогер ретінде танымал Айнұр Тұрсынбаеваның қорын мұқият тексеруді талап етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

”Айдың Нұры қоры дәл Перизаттың қоры сияқты мұқият тексерілуі керек деп талап етемін!
Қанды Қаңтар оқиғасының алдында халықтан аямай ақша жиналды. Ал Қаңтардан кейін менің тексерсін деген сұранысыммен кейін артынша қор жабыла салды. Бұл  үлкен күдік тудырады.

Біздің елде саны көп, бірақ сапасы жоқ, бақылаусыз қорлар жетерлік. Кейбір әкімдер мен шенеуніктер тіпті кәсіпкерлерден “заңды түрде” ақша жинау үшін арнайы қор ашып алған. Яғни, параны айналып өтіп, қор арқылы алады.

Қайырымдылықты желеу еткен жалған қорларды жабатын уақыт келді! Мемлекет қарапайым халықтың сенімін пайдаланып, ақша жымқыруға жол беріп отырғандарға нақты шара қолдануы тиіс”,  деп жазды заңгер.