Қазақстанда магистратураға қабылдау күнтізбесі жарияланды

Қазақстанда магистратураға қабылдау күнтізбесі жарияланды
Министрлік талапкерлерге кешенді тестілеу уақыты мен грант иегерлері қашан белгілі болатыны туралы мәлімдеді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратураға түсушілерге маңызды ақпарат жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құрметті магистратураға түсушілер!

Cіздердің назарларыңызға талапкерге арналған күнтізбені ұсынамыз!

Кешенді тестілеу 21 шілде-10 тамыз аралығында өтеді;
Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 12-18 тамыз аралығында қабылданады;
Ақылы негізде оқуға құжаттар қабылдау 15-28 тамыз аралығында жүргізіледі;
Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады;
ЖЖОКБҰ-на қабылдануы 28 тамызға дейін аяқталады.

Қосымша ақпаратты ЖОО ресми парақшалары мен сайттарынан ала аласыздар.

2025-2026 оқу жылына қабылдану үшін маңызды күндерді өткізіп алмаңыз!, - делінген министрліктің хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.