«Өзімді жас қыздай сезініп тұрмын»: Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева операция жасатты

«Өзімді жас қыздай сезініп тұрмын»: Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева операция жасатты
Әншінің өзі операция сәтті өткенін және жағдайы жақсы екенін айтты. Ол тойларда өнер көрсетіп те үлгерген.

Дәстүрлі ән өнерінің танымал өкілі Наркенже Серікбаева Шымкент қаласындағы пластикалық хирургия орталығында көзінің астына эстетикалық операция жасатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Әншінің өзі операция сәтті өткенін және жағдайы жақсы екенін айтты. Ол тойларда өнер көрсетіп те үлгерген.

Наркенже Серікбаеваның өзі де нәтижеге көңілі толып отырғанын жасырмады:

Көзілдірігімді тағып алып, әнімді айтып жүрмін. Өзіме өте ұнады. Өзімді жас қыздай сезініп тұрмын, – деп қуанышымен бөлісті әнші.