Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген «Mейкин Азия» IV Халықаралық музыка фестиваліне қатысу үшін Чолпон-Ата қаласына барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың хабарлауынша, 2013 жылы дәл осы фестивальде Димаш бірінші маусымның Гран-при жүлдесін жеңіп алған. Арада 12 жыл өтті, ол өзінің жұлдызы алғаш жанған жерге қайта оралады.