Қазақстан құрамасы жазғы Универсиадада бесінші медальға қол жеткізді

Таэквандо жарысында қазақстандық спортшы қола медальға қол жеткізді.

Батырхан Төлеуғали ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада ел қоржынына бесінші медальді түсірді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz

80 келі салмақта сынға түскен Батырхан Төлеуғали жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысына есе жіберіп, үшінші орынға тұрақтады. 

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта ел қоржынында 5 қола медаль бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.