Алматы қаласында пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен бес адам қолға түсті. Олар жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер көбінесе үйлерге терезе арқылы кіріп, алтын бұйымдарды ұрлаған. Бір айдың ішінде шамамен 10 пәтерді тонап үлгерген.
Келтірілген материалдық шығын көлемі 20 миллион теңгеге жуықтаған. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде.
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.