Елде резонанс тудырған іс бойынша бүгін үкім оқылып, экс-дипломат Сәкен Мамаш сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сот оны бұрынғы жұбайы Карина Госманға жүйелі түрде қорлық көрсеткені үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.
Процесс жәбірленушінің өтінішімен жартылай жабық режимде өтті. Мамашқа тағылған айыптар мен сотта айтылған жантүршігерлік деректер қоғамды елең еткізді.
Бүгін таңертең Карина Госман мен оның адвокаты сот залына келді, бірақ журналистердің сұрағына жауап беруден бас тартты.
Сот үкімі күшіне енген соң Сәкен Мамаш қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жөнелтіледі.