Эстрада жұлдызы 5 жыл бойы әйелін баласының көзінше ұрып-соғып, қинағанын мойындады

Эстрада жұлдызы 5 жыл бойы әйелін баласының көзінше ұрып-соғып, қинағанын мойындады
Оның барлық әкелік міндеттемелерді келіншегінің бұрынғы күйеуі орындап жүр екен

104 лақап аты белгілі рэпер Юрий Дробитько келіншегін баласының көзінше ұрып-соғып, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткен. Бұл туралы Say Mo лақап атымен танымал Мөлдір Есембек өзінің Instagram парақшасында жариялады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Say Mo-ның айтуынша,  Юрий Дробитько  бес жыл бойы жұбайын ұрып-соғып, зорлық-зомбылық әрекеттерін баласының көз алдында істеген.

– Юрий өзінің Threads парақшасына «Бүгін менің тоқтаған күнім. Жайғасыңыздар және балаларды экраннан алып кетіңіздер» деп астарлы жауап қайтарды, – деп жазады Say Mo.

Юрий Дробитьконың әйелі бұл жанжалды үнсіз қалдырмай, өзінің Threads пен Instagram парақшасына 7 сәуір күні ажырасып кеткенін хабарлады. Оның барлық әкелік міндеттемелерді бұрынғы күйеуінің орындап жүргенін жеткізді. Сонымен қатар  Мөлдір Есембектің оның суреттерін рұқсатсыз жариялағанын да жазды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Molly Yessembek (@say_mo__)