«Биг Шанхай» базарындағы өртке байланысты Астана қаласының әкімдігі мәлімдеме жасады

«Биг Шанхай» базарындағы өртке байланысты Астана қаласының әкімдігі мәлімдеме жасады
Астанада «Биг Шанхай» базарының кәсіпкерлері мен қызметкерлеріне арналған түсіндіру штабы жұмыс жүргізіп жатыр.

Өртенген «Биг Шанхай» базары аумағындағы үш қабатты ғимаратта болған өртке байланысты түсіндіру штабы жұмысын бастады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Штаб Алаш тасжолы, 30а мекенжайындағы  Anuar  супермаркетінің 3-қабатында орналасқан.

Штаб сауда орындары өрт салдарынан зардап шеккен жалға алушыларға, кәсіпкерлерге және базар қызметкерлеріне кеңес береді.

Әркім өзекті ақпараттар, құқықтық, қаржылық және басқа да мәселелер бойынша кеңес алып, әрі қарайғы іс-әрекеттерді айқындауға көмек сұрай алады. Оқиға орнында ТЖД, Полиция департаменті, әкімдік, Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, базар өкілдері кезекшілік етіп, кеңес беруде. Ақпараттың тек ресми көздеріне сенуді сұраймыз, – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Бүгін Астанадағы Байқоңыр ауданында, Алаш тас жолының бойында орналасқан үш қабатты ғимаратта ірі өрт шықты. Өрт сөндірушілерге оқиға туралы кеш хабарланғандықтан, жалын бүкіл нысан аумағына жайылып үлгерген. Құтқарушылардың айтуынша, қалың түтін мен ғимараттағы жанғыш материалдардың көп болуы жағдайды одан әрі күрделендірген. Қазіргі уақытта өрт сөндірілген. 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.