Бүгінгі сот отырысында Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның жағдайы нашарлап кетті. Сот үзіліс жариялады, - деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.
Негізгі сот процесі қатарынан төртінші күн өтіп жатыр. Перизат Қайраттың анасы кезекті сот отырысы кезінде өзін жайсыз сезініп, сот үзіліс жариялады.
Адвокат Асланбек Дәулетьяров сотталушының қан қысымы жоғарылап кеткенін және суық тию белгілері барын мәлімдеді. Судья Сабыржан Кәрімов жағдайға байланысты үзіліс жариялады. Сот залына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды. Трансляция өшірілді.