Президент Ауғанстан елімен өзара тиімді ықпалдастықты жолға қоюды тапсырды

Президент Ауғанстан елімен өзара тиімді ықпалдастықты жолға қоюды тапсырды
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі Еркін Тұқымовты қабылдады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ауғанстан билігімен екіжақты қарым-қатынасты нығайтуда арнаулы өкілдің ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Арнаулы өкілге аталған елмен сауда-экономикалық және гуманитарлық салаларда өзара тиімді ықпалдастықты жолға қою тапсырылды.

Президент Алматы қаласында ашылған Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ аймақтық орталығының мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланудың маңызына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында гуманитарлық және білім беру бастамаларын жалғастыра беруге ниетті, – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.