"Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Словенияда өткен алғашқы матч тең нәтижемен аяқталған болатын – 1:1. Бүгін Алматыда өткен жауапты ойында Қазақстан чемпионы ойын тағдырын бірінші таймда-ақ шешті.
Матчтың басты кейіпкері португалиялық Жоржиньо болды: алдымен есеп ашты, кейін 21 жастағы қазақстандық Александр Мрынскийге нәтижелі пас шығарды.
"Қайрат" (Қазақстан) 2:0 "Олимпия" (Словения)
5' Жоржиньо
31' Александр Мрынский
Чемпиондар лигасының екінші кезеңінде "Қайраттың" қарсыласы КуПС (Финляндия) командасы атанды. Екінші кезең ойындары 22/23 шілде және 29/30 шілде күндері өтеді.
Айта кетейік, "Қайраттың" келесі кезеңге шығуы клубқа Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде және Конференциялар лигасының плей-офф кезеңінде ойнауға мүмкіндік беріп отыр.