«Жақсы көрмей-ақ алдым»: танымал спортшы өз әйелі туралы шындықты айтты

«Жақсы көрмей-ақ алдым»: танымал спортшы өз әйелі туралы шындықты айтты
Әшімовтің айтуынша, ол өз жарына үйленген кезде ешқандай сезім болмаған.

Танымал ММА жекпе-жек шебері Арман Әшімов YouTube арнасына берген сұхбатында жеке өмірі туралы ашық айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап.

Әшімовтің айтуынша, ол өз жарына үйленген кезде ешқандай сезім болмаған.

"Қатынымды жақсы көрген жоқпын мен. Бірақ білдім – жақсы қатын болатынын. Үйленген соң Аллаға шүкір, жақсы көріп кеттім. Бірақ бұл – есеппен құрылған неке. Мен оның байлығына немесе жағдайына қараған жоқпын, өзі де ел қатарлы адам", – деді спортшы.

Боксшы махаббатпен үйленген жастардың кейінгі жағдайына да тоқталды.

"Махаббатпен үйленгендер кейін өзінше еркектігін көрсеткісі келеді. Әйелін әке-шешесінің көзінше жұмсап отырады. Бірақ олар кеткен соң, әйелінен сөз естіп, үндей алмай қалады. Артынша ақырын қайын жұртына көшіп алады", – деп ойын түйіндеді Арман Әшімов.