«Біршама шәкірті бар»: Мөлдір Мұқанова Қайрат Нұртастың қызын жұмысқа алған

«Біршама шәкірті бар»: Мөлдір Мұқанова Қайрат Нұртастың қызын жұмысқа алған
Мөлдірдің айтуынша, Алау Мөлдірге өзі хабарласып, жұмысқа алуын сұраған.

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасына берген сұхбатында Қайрат Нұртастың қызы Алаудың өзімен бірге жұмыс істейтінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мөлдірдің айтуынша, Алау Мөлдірге өзі хабарласып, жұмысқа алуын сұраған. 

"Алау Қайратқызы – менің әріптесім. Менде "ММ" өнер-білім орталығы деген мектеп бар. Орталыққа Алау хабарласып, "Мөлдір апай, мен сізде жұмыс істегім келеді. Хореографиядан сабақ бергім келеді" деп хабарласқан болатын. Уақытын келістіріп, Алауды жұмысқа алдым. Қазір біршама шәкірті бар. Алау менің және қыздарымның – әріптесі, қыздарымның – құрбысы", – деді ол.