«1-2 тиын түссе, әйелін менсінбейді»: танымал блогер ажырасу туралы айтып, оқырманды ойландырып қойды

Үш баламен жалғыз қалудың қандай қиын екенін айтты.

Әзілкеш, блогер Мереке Қалбаева әлеуметтік желідегі парақшасында ажырасу тақырыбына қатысты сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.

Үш баламен жалғыз қалудың қандай қиын екенін айтқан блогер оқырманды ойландырып қойды. 

"Үш баламен ажырасу, жалғыз қалу. Сенген адамыңнан қолдау көрмеу өте ауыр, қиын. "Астыңдағы атыңа сенбе, қойныңдағы қатыныңа сенбе" деген мақалмен келіспеймін. Керісінше, әйел ері үшін соңына дейін барады, бар мен жоқта қасында болады. Ал кейбір еркектердің қолына 1-2 тиын түссе, әйелін менсінбей кетеді немесе көзіне шөп салады", – деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.