Қазақстан – табиғи ресурстарға бай ел болып қала береді. Соңғы деректерге сәйкес, қазіргі өндіру көлемін ескерсек, негізгі пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілу мерзімі мынадай: алтын – 30 жыл, мыс – 38 жыл, қорғасын – 156 жыл, темір кендері – 957 жыл, көмір – 350 жыл. Сол сияқты тұрақтылық марганец, титан, молибден және басқа да стратегиялық маңызды пайдалы қазбалар бойынша да байқалады.
– Бұл қазбаларды ұтымды пайдаланып, геологиялық барлау жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы Қазақстан өз ресурстық әлеуетін сақтап қана қоймай, жаһандық шикізат нарығындағы орнын одан әрі нығайта алады деген сөз. Ресурстық база тұрақтылығы – инвестиция тартудың, тау-кен өнеркәсібін дамытудың және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тірегі, – деп атап өтті ведомство.