19 жастағы Меруерт Камалиденова (2330) шахматтан 2025 жылғы әлем кубогының 1/8 финалына шықты .
3-раундта ол 16 жастағы ресейлік халықаралық гроссмейстер Анна Шухманды (2413) 1,5:0,5 есебімен жеңді. Бірінші партия тең аяқталып, екінші партияда Камалиденова жеңіске жетті.
Келесі қарсыласы 24 жастағы үндістандық гроссмейстер Рамешбабу Вайшали (2481) мен 21 жастағы америкалық халықаралық шебер Карисса Йиптің (2431) арасындағы матч нәтижесінде анықталады. Екі партия да тең аяқталды.
15 жастағы Елназ Қалияхмет (2218) 19 жастағы өзбекстандық халықаралық шебер Умида Омоноваға (2211) 0,5:1,5 есебімен жол берді. Алғашқы партия тең, екінші партияда жеңіліс тапты.
Турнир Батуми (Грузия) қаласында өтіп жатыр және 28 шілдеде аяқталады. Әйелдер арасындағы әлем кубогы — нокаут жүйесі бойынша өтеді: әр жұп екі классикалық партия ойнайды, тең жағдайда тай-брейк өткізіледі