Түннен қалған немесе қайта қайнатылған шайды ішу қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз? Ал дәрігерлер мұндай шайда зиян заттар жиналауынан және жылы ортада бактериялар пайда болуынан денсаулықты әлсірете түседі дейді, - деп хабарлайды Аikyn.kz
Суып қалған шай, әсіресе, дайындалғаннан кейін бір күн өткен соң ішсе ағзаға зиянын тигізуі мүмкін. Бұл туралы "Доктор Питер" басылымына берген сұхбатында терапевт, диетолог Елена Трускова айтты.
"Қайнатылған шай қауіпті болуы мүмкін, ол бұрыннан бар. Бұл тарихтан да белгілі. Жапонияда кешеден қалған шайды улы затқа теңеген, оны "жылан шаққаннан да жаман" деп санаған. Ал қытайлықтар ұзақ уақыт бұрын қайнатылған және суып қалған шайды табиғи у деп білген. Өйткені пайдалы заттардан бөлек шай құрамында зиян алкалоид гуанин бар, ол уақыт өте келе шай жапырақтарында жиналады", - деді дәрігер, диетолог Елена Трускова.