Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтар бойынша қорының өкілдері мәлімдеді. Анклавта азық-түлік, дәрі-дәрмек, тазалық заттары мен жанар-жағармай өте қат. Осының кесірінен балалар шала туып жатыр. Көп шақалақтың салмағы 1 келіден әрең асады. Медицина қызметкерлері жетіспегендіктен бір инкубаторға бірнеше нәрестені салуға мәжбүр.
Бұған дейін Римде Газа секторындағы соғысқа қарсы он мыңдаған адам шеруге шыққанын жазған болатынбыз.
Еuronews.com мәліметінше, наразылықты Италияның оппозициялық партиялары – Демократиялық партия, «Бес жұлдыз қозғалысы» және «Жасылдар мен Солшыл альянсы» ұйымдастырған. Қатысушылар Палестинаға қолдау білдіріп, қырғынды тоқтатуға шақырды. Шеруде «Палестинаға бостандық», «Біз бәріміз палестиналықпыз» деген ұрандар айтылды. Саяси көшбасшылар да шеруге қатысты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.