Қазақ эстрадасындағы танымал әнші Мәдина Сәдуақасова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқановаға қолдау білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Мөлдір Мұқанова екеуі отбасымен, балаларымен бірге Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат еткенін көрсетті.
«Жаным Мөлдір, бәрі жақсы болады. Қасиетті киелі жерге келіп тұрмыз. Бар тілектеріміз орындалсын», – деп жазды ол.
Айта кеткен жөн, соңғы уақытта ел арасында Тұрсынбек Қабатов пен жары Мөлдір Мұқанованың ара-қатынасына байланысты түрлі қауесеттер тараған еді. Желі қолданушыларының арасында белгілі әзілкештің жұбайынан ажырасып, екінші әйел алғаны жөнінде "бейресми" ақпараттар қызу талқыланды.