Қызылорданың облыстық ауруханасында 460 мың тұратын кереуетті 1 миллион 200 мыңға сатып алған

ҚМА мәліметінше, аурухананың бас бухгалтері медициналық кереуеттердің сатып алу бағасын үш есе көтеріп, мемлекет қаржысын жымқырған.

Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасының лауазымды тұлғаларының бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚМА мәліметінше, аурухананың бас бухгалтері медициналық кереуеттердің сатып алу бағасын үш есе  көтеріп, мемлекет қаржысын жымқырған. Атап айтқанда, бір кереуеттің бағасы 1,2 миллион теңгеге бағаланған. Нәтижесінде, 259 миллион теңгеге 220 медициналық кереует сатып алуға шарт жасалған. 

Бірақ шын мәнінде, кереуеттің нақты сатып алу бағасы 460 мың теңгеден аспаған. Көрсетілген бағадан үш есе арзан болған.

Тергеу барысында күдіктілердің 111 миллион теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Бас есепші 2 ай мерзімге қамауға алынды. 

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Айта кеткен жөн, қаңтарда Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында босанғаннан кейін ауыр жағдайда түскен әйелге 12 донордан қан құйылып, бір айдан кейін одан АИТВ анықталды.