Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин АҚШ мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі бюросының жоғары лауазымды өкілі Эрик Мейермен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кездесу қорытындысы бойынша, сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделілік танытып, барлық деңгейде тұрақты байланыстарды қолдап отыруға уағдаласты. Осыған байланысты екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейін растайтын АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың шақыруымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің жуырдағы Вашингтонға жасаған сапарының маңыздылығы ерекше аталып өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.