Белгілі айтыскер ақын, дінді насихаттайтын блогер Мұхамеджан Тазабек қазір Париж қаласында отбасын қыдыртып жүр – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оның сөзінше, Париж қаласына отбасымен баруының өзіндік себебі бар.
"Парижге жалғыз келмедім. Жұбайымды, екі қызым мен ұлымды ала келдім. Қай заманнан "қызды жігіттен бұрын әкесі қыдырту керек" деген ұстанымдамын. Ер адам өзі не кисе, не ішіп не жесе де отбасына да соны жасауы керек. Ұл-қыздарыма Париждің көшесін емес, әкемен бірге жүрген бақытты балалықты естелік етіп қалдырғым келді. Ұл ер жетеді, қыз бой жетеді. Әкемен қыдырудың ауылы алыстай береді. Соны сезінуіміз керек... Отбасын қуантпаған адам, Отанды ойлап жарытпайды. Елуге келіп бір түсінгенім...", – деп жазды Мұхамеджан Тазабек.