«18 жыл концерт беріп жүріп, бұлай қобалжымаған»: Қайрат Нұртастың әкесі ұлына қатысты жазба жариялады

«18 жыл концерт беріп жүріп, бұлай қобалжымаған»: Қайрат Нұртастың әкесі ұлына қатысты жазба жариялады
Әншінің әкесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында толығырақ баяндады.

Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков ұлының Астанада өткен концерті туралы ойын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әншінің әкесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында толығырақ баяндады. 

«Алла абырой берсін, балам! Бүгін ән кешінің алдында балам 18 жыл бойы концерт беріп жүріп, бұлай қобалжымаған еді, «Әке, құшақташы!» деп сахнаға шығар алдында, менің көңілімнің босап кеткені, дегенмен айналайын халық Қайрошты сахнаға шыққан соң, көтеріп алады ғой, мың жасағыр халық. Алла ғұмыр берсін, балам!», – деп жазды ол.