Астанада полковник әскери қалашық аумағында 47 жастағы әйелді зорлаған

Астанада полковник әскери қалашық аумағында 47 жастағы әйелді зорлаған
Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті — Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің қызметкері, полковник.

Астаналық 47 жастағы тұрғын полицияға арыз жазып, танысы өзін зорлағанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты  Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, оқиға әскери қалашық аумағында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті  Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің қызметкері, полковник.

«Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда»,  деп хабарлады «Ордаға» елордалық ПД. 

Бұған дейін Түркістан облысында уақытша ұстау изоляторында қызды зорлаған полицей 10 жылға сотталған еді.