Қазақ эстрадасындағы белгілі әнші Нұржан Керменбаев неге көптен бері сахнадан көрінбей кеткенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әншінің сөзіне қарағанда, ол бір сәт демалып алуды жөн санап, жиі болатын түсірілімдерден бас тартқан.
"Түсірілімде жүрген кей сәттерде ойландым: орынсыз жүрген шығармын деген ой да келді. Бір тыныштық, демалыс керек секілді болды. Содан кейін өзіме "мини отпуск" алдым. Осы 2025 жылдан бастап қайтадан сахнаға, түсірілімге шыға бастадық", – дейді әнші Нұржан Керменбаев.