«Қолынан айырыла жаздады»: Ақтөбеде 9 жастағы қыз орталықта ауыр жарақат алды

«Қолынан айырыла жаздады»: Ақтөбеде 9 жастағы қыз орталықта ауыр жарақат алды
Қазір ол ұзақ әрі қиын ем қабылдап, оңалту кезеңінен өтіп жатыр.

Ақтөбедегі Family park балалар орталығында демалып, ойнап жүрген 9 жастағы Айым Нұрболат ауыр жарақат алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға 2025 жылдың 7 мамырында болған. Қыздың қолын қоршалмаған және еркін тұрған айналмалы бұрандалы механизм  шнек тартып алып кеткен. Шнек  айнала қозғалатын бұрандалы темір тетік. Ол әдетте бір нәрсені жоғарыға қарай не алға қарай қозғауға арналған. Қоршалмағандықтан, ол қыздың қолын тартып, саусағын зақымдаған. Айым шамамен бір литр қан жоғалтқан, саусағы қимылдамай қалған.

AMP

Қазір ол ұзақ әрі қиын ем қабылдап, оңалту кезеңінен өтіп жатыр. Қыздың анасының айтуынша, оқиға болғанына екі ай өтсе де, орталық әкімшілігінен ешкім хабарласпаған, жағдайын сұрамаған, көмек қолын ұсынбаған.