Ұлы арбаға таңылған қарт әкесін ұрып-соққан

Ұлы арбаға таңылған қарт әкесін ұрып-соққан
Мүгедекке зиян келтіруге жол берілмейді.

Әлеуметтік желілерде ер адамның арбаға таңылған қарт әкесін ұрып-соғып жатқан видеосы кеңінен таралды,  деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әлеуметтік желілерде кеңінен тараған бейнежазба  ел ішін дүрліктірді. Полиция департаменті жариялау фактісі бойынша тексеру басталғанын растады.

"Қазір оқиғаның барлық қатысушылары анықталып жатыр. Қарияға дене жарақатын салған ер адамның іс-әрекеті мұқият тексеріліп, құқықтық бағалау жүргізіледі", –  деп мәлімдеді полиция.

Ведомство жанжал туындауының себебіне қарамастан, қарт адамға, әсіресе мүгедекке зиян келтіруге жол берілмейді және заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын еске салды.