«Қайрат» пен «Олимпиа» тең түсті

Футболдан чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі басталды.

Бұл сынға еліміз атынан «Қайрат» командасы қатысып жатыр. Алматылық клуб алғашқы кездесуін сырт алаңда словениялық «Олимпиаға» қарсы өткізген болатын. Любляна қаласында өткен матч аса тартысты болды. Алғашқы голды қонақтар сапынан Дастан Сәтпаев соқты. Ол  60 минутта Жоржиньоның пасын ұтымды пайдаланып, өз командасын алға шығарған. Алайда араға небәрі алты минут салып, «Олимпиа» сапынан Диогу Пинту таразы басын теңестірді. Бұл нәтиже матч соңына дейін өзгермеді. Қорытынды есеп: 1:1.

Енді қос команда 15 шілдеде Алматыда қарымта матч өткізеді. Жеңіске жеткені келесі кезеңге өтеді. Бұған қоса, ертең Еуропа лигасына іріктеу аясында «Ақтөбе» Варшавада Польшаның атақты «Легиясымен» кездеседі. Ал Конференция лигасының іріктеу кезеңінде «Ордабасы» клубы Грузияда «Торпедо» Кутаисимен жолығады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты  Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.