Сәкен Майғазиев өзбек тілінде ән шырқап, жұртты таңғалдырды (видео)

Сәкен Майғазиев өзбек тілінде ән шырқап, жұртты таңғалдырды (видео)
Желі қолданушылары әншінің бұл өнерін жоғары бағалады.

Әнші Сәкен Майғазиев Өзбекстанға барып, өзбек тілінде ән шырқады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі досының тойына қонақ болып барған. Отырыста өнер көрсетіп жатқан әнші күтпеген жерден микрофонды Сәкен Майғазиевке ұстатып, әнді жалғастыруды сұрайды. Сәкен Майғазиев еш мүдірместен әнді орындап шықты.

Желі қолданушылары әншінің бұл өнерін жоғары бағалады.

«Өзбекстанда досымыз той жасап, қуанышына ортақтасып қайттық. Күтпеген жерден өмірімде бірінші рет естіп тұрған әнімді Отабек бауырым бірге шырқайық деп қолқа салды. Бұйыртса, келесі жолы жақсы орындап беремін деп үміттенемін», - деп жазды Сәкен Майғазиев.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.