Сағындық Тоғамбай қарсыласынан жеңісті жұлып алып, жартылай финалға шықты

Алғашқы раундта төрешілер америкалық боксшыға басым ұпай берген еді.

Әлем кубогінің үшінші күнінде ең соңғы болып шаршы алаңға шыққан Сағындық Тоғамбай жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Сағындық Тоғамбай америкалық Малачи Джоржесқа қарсы жекпе-жек өткізді. 

Алғашқы раундта төрешілер америкалық боксшыға басым ұпай берген еді. 

Соңғы екі раундта Сағындық Тоғамбай өзінің мықтылығын дәлелдеп, жеңісті жұлып алды.

Осылайша Сағындық Тоғамбай бокстан әлем кубогының жартылай финалына шықты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.