Астана күніне орай ерекше фестиваль өтеді

Астана күніне орай ерекше фестиваль өтеді
Елордада қала күніне орай өтетін қалалық перфоманс фестивалі 5-6 шілде күндеріне жоспарланған.

Астана күніне орай 5-6 шілде күндері елордада қалалық перфоманс фестивалі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігінің ақпаратына сәйкес.

Фестиваль кезінде елорданың көшелері, саябақтары мен алаңдары бір үлкен сахнаға айналады.
Ауқымды шара аясында қала көшелерімен әртістер шеруі және ашық алаңдарда көше қойылымдары өтеді.

Екі күнге созылатын бағдарламаға Астана, Алматы және Мәскеу қалаларынан шығармашылық ұжымдар қатысады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.