ҚТЖ-ның жаңа басшысы – Даниал Ахметовтің күйеубаласы

ҚТЖ-ның жаңа басшысы – Даниал Ахметовтің күйеубаласы
Ол бұл лауазымға Нұрлан Сауранбаевтың Көлік министрлігіне ауысуына байланысты тағайындалды.

Ерлан Қойшыбаев уақытша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметін атқарып отыр. Ол бұл лауазымға Нұрлан Сауранбаевтың Көлік министрлігіне ауысуына байланысты тағайындалды– деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Компанияның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес, логистика жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары КТЖ басшысының міндетін уақытша атқарады,  деп нақтылады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Ерлан Қойшыбаевтың Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтің күйеубаласы екені белгілі. Бұған байланысты аталған мекеме: 

«Ішкі нормативтік актілерге сәйкес, “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” АҚ басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Ерлан Қойшыбаев ҚТЖ басшысының міндетін уақытша атқарып отыр», деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.