Астанадағы әлем кубогы: Нұрбек Оралбай 1/4 финалға жолдама алды

Айта кетейік, бұған дейін Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) ширек финалға жолдама алған еді.

2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай елордада өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінің 1/8 финалында жеңіске жетті– деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстандық былғары қолғап шебері 80 келіге дейінгі салмақта әзербайжандық Мурад Аллахвердиевпен кездесті.

Тартысқа толы жекпе-жекте Нұрбек Оралбай айқын басымдық танытып, ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) ширек финалға жолдама алған еді.