Мемлекет басшысы Канаданың генерал-губернаторын құттықтады

Мемлекет басшысы Канаданың генерал-губернаторын құттықтады
Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мейрам – Канада күніне орай генерал-губернатор Мэри Саймонға құттықтау жеделхатын жолдады– деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстан Президенті бұл айтулы дата Канада жұртшылығының ынтымақ-бірлігін көрсететінін, сондай-ақ мемлекеттің орнықты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуге берік негіз қалайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы генерал-губернатордың жауапты қызметіне табыс, ал Канада халқына бақ-береке тіледі.