«Жуып отырмыз»: танымал әнші Нұрлан Еспанов қуанышты жаңалығын айтты

«Жуып отырмыз»: танымал әнші Нұрлан Еспанов қуанышты жаңалығын айтты
Осыдан біраз уақыт бұрын ұлының үйленгенін жазып едік, енді келіні диплом алып, отбасын қуантып отыр.

Танымал әнші Нұрлан Еспановтың келіні Айнұр Құдайқұл магистр атанды. Қуанышты жаңалықты әншінің ұлы Олжас Еспанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Ал бүгін әйелім магистр дәрежесін алды. Құтты болсын! Жемісін көре бер!

Дипломды жуып отырмыз. Бақытты, қуаныштты сәттеріміз көп болсын!»,  деп жазды ол.