Әнші Сәкен Майғазиев келіні жайлы жылы лебізін білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі келінінің мінезі, болмысы өзінің жұбайына ұқсайтынына таңғалысын жасырмады.
"Менің таңғалғаным, Әдия қызымыз әжесіне де, анасына да емес, тікелей Динараға (жұбайы) ұқсайды. Осы қыз біздің әулет үшін арнайы жаралғандай сезіледі маған. Алла Тағаланың қалауымен, Әдия келінімізді ата-анасы бізге арнап туған сияқты", – дейді әнші.
Айта кетейік, жақында әншінің ұлы үйленген болатын. Той тікелей эфирден көрсетіліп, қоғамда қызу пікірталас тудырды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.