Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов блогер Айсәуле Бақытбекке берген сұхбатында анасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Кәсіпкер анасы жетімдер үйінде өскенін айтып, көзіне жас алды.
«Анам жетімдер үйінен шыққан адам. Сондықтан балаларын махаббатқа бөлеп өсірді. Бізге қол көтермейтін, ұрыспайтын. Өйткені өзі жетімдіктің азабын тартқан адам. Менің осындай жұмсақ адам болғаным анама тартқанымнан шыққан шығар. Мен қызметкерлеріме пәтер берген кезде мені танымайтын адамдар келіп құшақтап, алғыс айтып жатты», - дейді Тұрсын Алагөзов.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.