Белгілі әнші, KeшYou тобының экс-солисі Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жақында тұрмысқа шығайын деп жүргенін айтты. Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.
Қазір шетелде жүрген әнші Instagram желісінде "адамның ең шынайы сезімі – сөз айтпай-ақ, жаныңды жылытып жіберетін сәтте байқалады", – деп жаңа фотосын жариялаған.
Кейін ол дәл осы жазбасын Stories-те бөлісіп, "Алла жазса, тұрмысқа шығайын деп жүрген қыздың сөзі", – деп жазып қойған.
Желі қолданушылары жазбаға түрлі пікір қалдырып, бірі әншіге бақыт тілесе, кейбірі жазбаның астарын түсінбей оған сұрақ қоюда.
Өнер иесі осыдан бір жыл бұрын аты-жөнін өзгертіп, құжатын да ауыстырып алған.