Белгілі әзілкеш Еркебұлан Мырзабек отбасындағы үлкен қуанышты жаңалықты жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол үшінші баласы өмірге келгенін айтты.
"Балам, өмірге қош келдің! Енді менде үш ұл. Іссапарда, басқа елде жүріп осындай қуанышты хабар алып, мәз болып жатырмын. Бақыттымын, қуанышым ішіме сыймай бара жатыр", – деп жазды ол Instagram парақшасында.
Желі қолданушылары құттықтап, жылы лебізін білдірді.
"Бауы берік болсын, басына бақ қонған жігіт болсын!", "Өзіңізге ұқсаған ақылды азамат болсын!", "Келіншегіңіз батыр екен", – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, әзілкеш 2016 жылы шаңырақ көтерген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.