Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте жоғарылады

Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте жоғарылады
Әбиба Әбужақынова екі саты жоғарылап, екінші орынға жайғасты.

Халықаралық дзюдо федерациясы Будапешттегі (Венгрия) әлем чемпионатын қорытындылап, үздіктердің тізімін жаңартты, деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Әбиба Әбужақынова екі саты жоғарылап, екінші орынға жайғасты. 

Отандасымыздың еншісінде 5 662 ұпай бар. Бірінші орынға италиялық Ассунта Скутта (5 958 ұпай) шықты. Ал франциялық Ширин Букли 5 170 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) Будапештте (Венгрия) өткен әлем біріншілігінің финалында Италия өкілі Ассунта Скуттаға есе жіберіп, күміс медаль жеңіп алған еді.