2025 жылғы 25 маусымға арналған Қазақстан бойынша дауылды ескерту

2025 жылғы 25 маусымға арналған Қазақстан бойынша дауылды ескерту
Ел синоптиктері оңтүстік өңірлерде аптап ыстық пен қатты жел түріндегі шаңды дауыл қаупі бар деген болжам жасайды.

"Қазгидромет" синоптиктері ауа райына қатысты негізгі қауіптер туралы болжам жасады, олар:

найзағай – барлық аймақтарда;

бұршақ пен дауыл – негізінен оңтүстікте, шығыста және орталықта;

шаңды дауылдар – Түркістан, Қызылорда облыстары;

тұман – түнде және таңертең елдің солтүстігі мен батысында.

Бүкіл ел бойынша бұрынғыдай төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.