23 маусым күні атақты қаламгер Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден озды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Juzmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы марқұмның туыстары мәлімдеген.
- Жазушының ұлы өмір бойы Алматыда тұрған еді. Жалпы Мұхтар Мағауиннен төрт ұл, екі қыз тараған, – деп жазды басылым.
Мағжан Мағауин биыл қаңтарда әкесімен соңғы рет Түркияда жолыққан.
Еске сала кетейік, Мұхтар Мағауин биыл 10 қаңтарда 84 жасында дүниеден өткен болатын.