Елордада дрон-шоу өтті

Астанада Қазақстан полициясы күніне орай ерекше дрон-шоу өтті.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жарқын көріністің куәсі болды.

Барлығы 550 дроннан тұратын шоу тек мерекелік шара ғана емес, сонымен қатар маңызды үндеу екенін сезіндірді.

Қауіпсіздік пен заң — еліміздің тұрақты дамуы жолындағы негізгі құндылықтары екенін айқындай түсті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.