Қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулиннің жұбайы Анель Забикулинаға Алғыс жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Еске салайық, 2022 жылы Астанадағы "Қаһарман" тұрғын үй кешенінде болған өрт кезінде адамдардың өмірін құтқару үшін өз басын қатерге тіккен өрт сөндіруші Асқар Забикулин қайтыс болды. Ол өртке оранған пәтерге жоғары қабаттан кіру үшін қорғаныш киімін шешіп, тек дем алу аппаратын ғана алған. Үйден 80 жастағы әжені, 22 жастағы немересін және көрші пәтерде балконға тығылып қалған 10 жасар баланы аман алып қалған.