Әнші Қайрат Нұртастың екінші қызы, биші, блогер Алау Нұртас тікелей эфирде оқырмандар сауалына жауап беріп, желі қолданушысы “Сізге жеке тұлға ретінде емес, Қайрат Нұртастың қызы деп қарағаны көңіліңізге тие ме?” деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Аikyn.kz
– Әрине, көңіліме тигенде де қатты тиеді. Өйткені мен туғанда маған "Қайрат Нұртастың қызы" деген есім бермеген. Маған Алау деген есім берді. Менің атым – Алау. Тағы да айта кететін жайт, егер маған: “Сен Қайрат Нұртастың қызысың ғой, суретке түссем бола ма” деп айтса, мен келісімімді бермеймін", – деп жазды әншінің қызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында
Еске салайық, блогердің әжесі продюсер Гүлзира Айдарбекова бүкіл дүниесін немересі Алауға тастағанын айтты.
“Бұл менің жекеменшік қызым – Алауым! “Ешкімге қойылмаған есімді қоямын, таңға дейін мені ешкім мазаламасын” деп бір бөлмеге жалғыз жаттым. Алғашқы қызығым Сезімді сезімтал болсыншы деп есімін қойып едім. Жаны нәзік болды. Енді “жұлқынып тұрған отты қыз болсын, көрген адамның көзін қарып кететіндей, жалындап тұрсын” деп Алау деген есімді ойдан құрадым. Енді бұл қызды ерекше жақсы көрем, әлі де арманым көп. Қызым, маған Алла өмір берсе, бриллианттарыма дейін сенікі, сен күшті билей бер!”, – деп жазды продюсер.