Күдіктіні жаяу қуып жетіп ұстаған полицей

Капитан Алмаз Жакипов — қарапайым, батыр, антына адал полиция қызметкері.

Полицей суға батқан, өрт шалған, биік үйден секірген, арқанға асылып қалған адамдарды аман алып қалған. Павлодар қаласы Полиция басқармасында қызмет ететін полиция капитаны Алмаз Жакиповтың қызметтегі батырлығы, ерлігі көпке үлгі, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Polisia.kz-тің дерегінше, Алмаз Жакипов – патрульдік полиция батальонының аға инспекторы. 

Алмаз ішкі істер органдарына 2018 жылы келген. Қызметін полицей жүргізуші ретінде бастаған. 

Капитан Алмаз Жакипов — қарапайым, батыр, антына адал полиция қызметкері. Ол тек қызмет атқарып жүрген жоқ — күн сайын адам өмірін сақтап, халыққа жан-тәнімен көмектесіп жүр. Тілсіз жау туралы шақырту кезінде Алмаз лаулап тұрған үйге ойланбастан кіріп, түтінге тұншыққан пәтерде жанып жатқан төбенің астынан қарт әжені аман алып шықты. Кезекті патрульдеу барысында суға батып, өмірімен қоштаспақ болған жігітті байқайды. Жолдасы оны сөзге тартып, назарын басқа жаққа бұрып тұрған сәтте Алмаз суға жүзіп жетіп, оны аман алып қалады. 

Тағы бірде «Ағам асылып қалмақшы» деген шақырту келіп түсті. Оқиға орнына жеткенде азамат арқанға ілініп тұрған. Жолдасы оның денесін көтеріп, Алмаз арқанды шешіп үлгерді. Кейін ол азамат Алмазды көрсе, күлімдеп амандасып өтеді. 

Күдік тудырған велосипед жүргізушісі полицияны көріп, жылдамдығын арттырады. Алмаз көліктен секіріп түсіп, жаяу қудалаумен күдіктіні қуып жетіп, қолға түсірді. Ұрлық жасаған азамат оның ептілігіне таңғалып, қолын алып алғысын білдірді. Төртінші қабаттан секіріп, күдіктіні ұстаған. Пәтерде жасырынған күдікті төртінші қабаттан түсіп қашпақ болған. Алмаз бір сәт ойланбастан артынан секіріп, оны жерге түсе салысымен ұстады. Отбасылық жанжал туралы шақырту кезінде ашуға булыққан ер адам кенеттен пышақты капитанның жүрегіне бағыттап ұмтылған.