Александр Бублик Германиядағы ATP 500 турнирінің финалына шықты

Александр Бублик Германиядағы ATP 500 турнирінің финалына шықты
2023 жылы ол осы турнирде мансабындағы ең ірі титулын жеңіп алған болатын.

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Жартылай финалда ол ресейлік Карен Хачановты 4:6, 7:6, 6:4 есебімен жеңіп шықты.

Финалда Бубликке қарсы тағы бір ресейлік, әлемнің 11-ракеткасы Даниил Медведев шығады. Ол өз кезегінде жартылай финалда Германия атынан өнер көрсететін әлемнің 3-ракеткасы Александр Зверевті 7:6(3), 6:7(1), 6:4 есебімен жеңді.

Финал жексенбі күні өтеді. Бұл – Бубликтің Галледегі екінші финалы. 2023 жылы ол осы турнирде мансабындағы ең ірі титулын жеңіп алған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз