Өркендеген өңір – ел тірегі

Өркендеген өңір – ел тірегі
Өңірлерге инвестиция тарту – ел экономикасын теңсіздіктен арылтып, әлеуметтік жағдайды жақсартатын, жаңа өндірістер мен технологиялар әкелетін негізгі құралдың бірі. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өткен болатын. «Аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамыту керек», – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан – территориясы кең, табиғи ресурстары мол, ай­мақтық ерекшеліктерге бай мем­лекет. Сол үшін де елдің барлық аймағының тең дәрежеде дамуы – экономикалық өсімнің тұрақты­лығы мен халықтың өмір сүру са­пасын арттырудағы маңызды шарт саналады. Алайда бүгін аймақтардың даму қарқынындағы елеулі айырмашылыққа тап бо­лып отырмыз. Бір өңірлер ірі ин­вестициялық жобалар арқылы өркендеп жатса, кейбірі инфрақұ­рылымның тозуы, халық саны­ның азаюы және жұмыссыздық сияқты қиындықтармен бетпе-бет келді. 

Өңірлік өнеркәсіп жандана түсті

Аймақтық даму – бұл эконо­микалық көрсеткіштер ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік тұ­рақтылық, көші-қон үрдістері, білім мен денсаулық сақтау са­пасы сияқ­­ты көптеген фактордың жиы­нтығы. Бүгінде Қазақ­стан­ның әр аймағында жүзеге асыры­латын жобалардың ауқымы ай­тар­лықтай өзгеше. Үкімет ұс­ын­­­-

ған деректерге сүйенсек, қазір инвестициялық жобалардың ең көп бөлігі Түркістан облысы мен Алматы қаласында жүзеге асы­рылып жатыр. Түркістан облы­сын­да 15 жоба, ал Алматы қала­сында 14 жоба іске қосылады. Бұл аймақтардың экономикалық дамуына үлкен ықпал етеді және жаңа жұмыс орындарының ашы­луына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Қостанай мен Қарағанды облыстары инвес­ти­циялар көлемі бойынша көшбас­шы болып отыр. Бұл облыстар өң­деуші өнеркәсіп пен машина жасау салаларындағы маңызды жобаларды іске асыруды жоспар­лап отыр. Осы аймақтарда жүзеге асатын жобалар өнеркәсіптік өндіріс пен өндірістік қуаттарды арттыруды мақсат етеді, бұл өз кезегінде Қазақстанның ұлттық экономикасын нығайтуға ықпал етеді.

Осылайша, 2025 жылы жос­пар­ланған инвестициялардың ең үлкен бөлігі өңдеуші өнеркәсіпке бағытталады. 1 200,7 миллиард теңге көлеміндегі инвестициялар өңдеуші өнеркәсіп саласына бағытталып, 19 640 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл өндіріс саласының дамуы мен жұмыс орындарының кө­беюіне септігін тигізеді.

Қазақстанның машина жасау саласы да ерекше назарда. Бұл салада 7 823 жұмыс орны құры­ла­тын болады. Машина жасау – Қа­зақстан экономикасының маңыз­ды секторларының бірі. Осы са­ладағы инвестициялар отандық өндіріс қуатын арттыруға, жаңа технологиялар енгізуге және еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.

Қара металлургия саласы да елеулі орын алады. Бұл салаға 256 миллиард теңге көлемінде инвес­тиция салынып, өндірістік қуат­тардың артуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және металлургия өнімдерінің ішкі на­рықта үлесінің өсуіне ықпал ете­ді. Бұл сектордың дамуында Қа­зақстанның өнеркәсіптік әлеуеті де арта түседі.

Жобалардың толық қуатына шығуы нәтижесінде жалпы өнді­ріс көлемі 2,2 триллион теңгені құрайтын болады. Оның ішінде 0,8 триллион теңге экспортқа бағытталады. Бұл Қазақстанның халықаралық нарықтағы ықпа­лын арттырып, сыртқы саудада бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.

Сонымен қатар жоспарлан­ған жобалар арқылы импорт­ты алмастыру көлемі 1,4 триллион теңге болады деп күтілуде. Бұл қадам елдің ішкі өндірісін кү­шейтіп, импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді. Импортты алмастыру Қазақстан­ның өнеркәсіп салаларының өнімділігін арттырып, ұлттық экономиканың бәсекеге қабі­леттілігін қамтамасыз етеді.

2025 жылы Қазақстанда жүзеге асырылатын инвести­циялық жобалар – ел эконо­ми­касын әртараптандыруға, экс­порттық әлеуетін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған маңызды бастамалар. Бұл жобалардың нәтижесінде Қазақстан әлемдік нарықта бә­секеге қабілетті ел ретінде көрініс табады. Экономикадағы жаңа технологиялар, жаңа өн­дірістер мен жұмыс орындарының ашы­луы Қазақстанның ұзақ­мер­зімді дамуы үшін үлкен мүм­кіндіктер жасайды.

Теңсіздікті еңсеру тетігі қандай?

Дегенмен экономист Бауыр­жан Ысқақовтың сөзінше, Қазақ­стан өңірлерінің даму көрсеткіш­тері бойынша айқын теңсіздік бары байқалады. Бұл алшақтық әсіресе экономикалық өсім, та­быс деңгейі, инфрақұрылым, бі­лім мен мәдениет салаларында қатты сезіледі. 

– Мысалы, Атырау, Астана және Алматы секілді донор қа­ла­лар жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) елеулі бөлігін құрайтын өңірлер саналады. Бұл өңірлердің басты күші – мұнай-газ секторы, қаржы және қызмет көрсету саласының қарқынды дамуы. Ал Түркістан, Жамбыл және Солтүстік Қазақ­стан облыстарында, керісінше, халықтың орташа табысы төмен, жұмыссыздық деңгейі жоғары, көші-қон үрдісі белең алған. Бұл өңірлер экономикалық жағынан әлсіз әрі өндірістік әлеуеті төмен аудандарға жатады», – дейді ол.

Сарапшының пікірінше, осы теңсіздікті еңсеру үшін өңірлік даму стратегияларын нақтылап, кластерлік бағытта әр өңірдің ерекшелігіне сай салаларды да­мы­ту қажет. Мысалы, ауыл ша­руа­шылығы, өңдеу өнеркәсібі, туризм немесе логистика сынды бағыттар аймақтың ресурстық әлеуетіне қарай таңдалуы керек. Сонымен қатар инфрақұры­лым­ды – жол, су, газ, интернет секілді қызметтерді – елді мекеннің кө­леміне немесе мәртебесіне қара­мастан, бірдей деңгейде қамта­масыз етуіміз шарт.

– Кәсіпкерлікті қолдау – өңір­лік дамудың маңызды тетігі. Бұл үшін жеңілдетілген несие мен салықтық жеңілдіктерге қолже­тімділікті арттырып, жоғары бі­лім мен технологияларды шалғай өңірлерге жеткізу қажет. Мем­лекеттік инвестициямен қатар, жеке инвесторларды тарту үшін қолайлы құқықтық және әкім­шілік орта қалыптастыру – басты міндеттердің бірі. Ал артта қалған өңірлер қатарында халқы тығыз орналасқан Түркістан облысын атап өтуге болады. Онда жұмыс­сыздық деңгейі жоғары, ал өнер­кәсіптің үлесі айтарлықтай тө­мен. Жамбыл облысы да негізінен ауыл шаруашылығына тәуелді, өндірістік инфрақұрылымы на­шар дамыған. Солтүстік Қазақ­станда болса, халық саны азайып, көші-қон үдерісі артып барады. Бұл жағдай инфрақұрылымның әлсіздігімен, инвестор тартудың қиындығымен, кәсіпкерлік бел­сен­діліктің төмендігімен байла­нысты. Сонымен бірге адами ка­питалдың жетіспеушілігі, әлеу­меттік нысандардың (мектеп, аурухана, тұрғын үй) жеткілік­сіздігі де өңірлердің даму қарқы­нына кері әсер етуде, – дейді Бауыржан мырза.

Сарапшы аймақтардың да­муындағы басты түйткіл – орта­лықтандырылған басқару мен жергілікті билік құзырындағы қар­жылық және әкімшілік еркін­діктің шектеулігі екенін алға тартады.

– Екінші мәселе – көнерген инфрақұрылым мен шалғай ау­дандардағы логистиканың жоқ­тығы. Үшіншіден, инвестиция тартуға кедергі келтіретін құқық­тық тұрақсыздық, бюрократия­лық кедергілер және жерге бай­ланысты мәселелер әлі де ше­ші­мін таппаған, – дейді ол.

Инвестиция іргетасы – тұрақтылық

Десе де, соңғы жылы негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі жағынан басым өңірлердің көрсеткіші көңіл көншітерлік. Мысалы, Tengenomika сарапта­малық арнасының авторы, эко­номист Ғалымжан Айтқазиннің мәлімдеуінше, 2025 жылдың алғашқы бес айында еліміздің 20 өңірінің 18-інде инвестициялық белсенділік артқан. 

– Капитал салымы ең жоғары өскен аймақтар қатарында Жетісу облысы бар – мұнда инвестиция көлемі 62,7%-ға ұлғайып, 138,4 млрд теңгеге жеткен. Жамбыл облысында бұл көрсеткіш 57,5%-ды құрап, 245,5 млрд теңгеге дейін өсті. Түркістан облысында инвестициялар 51,1%-ға артып, 387,8 млрд теңгеге жетсе, Астана қаласында 47,4%-ға өсіп, 705,4 млрд теңгені құрады. Шымкент қаласында да өсім қарқынды – 38,4%, жалпы көлемі 293,2 млрд теңге. Алайда Атырау және ­Ұлы­тау облыстарында инвести­циялар төмендеген. Атыраудағы құлды­рау –37,9%-ды, Ұлытауда 23,7%-ды құрады. Сонымен қатар кей өңірлерде айтар­лық­тай жыл­дам инвестициялық серпіліс бай­қал­ды. Мәселен, Ақ­төбе облы­сында өсім қарқы­ны бір айдың ішінде 11,1%-дан 34,7%-ға дейін ұлғай­ды. Қара­ғанды об­лысында да көр­сеткіш 5,7%-дан 19,6%-ға өс­кен. Ал Сол­түстік Қазақстан об­лысы те­ріс аймақтан оң ай­маққа өтіп, –9,9%-дан +6,7%-ға дейін жетті, – дейді ол.

Сарапшы сөзіне сүйенсек, жалпы алғанда, биылғы жылдың басындағы инвестициялық бел­сенділіктің күшеюі екіұшты жағ­дайды көрсетіп отыр. Сандық жа­ғынан өсім айтарлықтай бол­ғанымен, сапалық тұрғыда жүйелі өзгеріс байқалмайды. Инвес­ти­ция көлемінің артуы көбіне құ­ры­лыс шығындары мен мемле­кеттік қаржыландыру есебінен болып отыр. Ал технологиялық жаңғыру мен ірі бизнес тарап­ы­нан белсенділік әлсіз күйде қа­лып тұр.

– Көптеген өңірде шағын және орта бизнестің жандануына қарамастан, инвестициялық цикл әлі де теңгерімсіз. Техно­логиялық жаңарту бағытындағы төмен белсенділік пен ірі инвес­торлар­дың пассивтілігі елдің ортамер­зімді бәсекеге қабілет­тілігіне қауіп төндіреді, – дейді маман.

Ал жаңадан құрылған об­лыстар үшін инвестиция тарту­дың маңызы айтпасақ та түсінік­ті. Тәуелсіз сарапшы мамандар атал­мыш аймақтарда әкімшілік ор­талықтың өзгеруі жергілікті жер­де іскерлік белсенділіктің ­ар­туына негіз болғанын алға тартады. 

– Соңғы жылдары жаңадан құрылған үш облыста – Абай, Жетісу және Ұлытауда – біртін­деп оң өзгерістер байқалып отыр. Дегенмен бұл өңірлерде эконо­микалық серпіліс туралы айтуға әлі ерте. Абай облысы ауыл ша­руа­шылығы мен пайдалы қазба­лар арқылы дами бастады. Жетісу облысында аграрлық әлеует бар, бірақ инвестор тартуда қиын­дықтар кездеседі. Ұлытау өңірі тарихи-мәдени туризм мен кен орындарына негізделгенімен, логистика мен кадр тапшылығы даму қарқынын тежеп тұр. Қазір бұл облыстарда негізінен инфра­құрылым қалыптастыру жұмыс­тары жүргізілуде, – дейді Бауыр­жан Ысқақов.

Сарапшы сөзінің жаны бар. Мысалы, жақында Семейде ал­ғаш рет чиптер мен заманауи элек­тронды құрылғылар өндіре­тін жоғары технологиялы зауыт­тың құрылысы басталды. Құны 50 млн АҚШ долларын құрайтын бұл жоба Абай облысының экономикасын әртараптан­ды­рып, 500-ден астам тұрақты жұ­мыс орнын ашуға және IT са­ласын дамытуға мүмкіндік береді. Зауыттың өнімдері ішкі нарықпен қатар, шетелге де экспортталмақ. Жоба шеңберінде жергілікті колледж студенттері тәжірибеден өтіп, кейін тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Бұл зауыт – Орталық Азия үшін стратегиялық маңызы бар жоба. Ол өңірде алғаш рет жоғары технология саласындағы өнді­рістің іске қосылуы, яғни аймақ­тың техноөнеркәсіптік дамуына серпін береді. Жоба техноло­гиялық тәуелсіздікті күшейтіп, Қазақстанды чип пен электро­ни­ка саласында ТМД және Еуропа нарықтарына өнім шығаратын маңызды ойыншыға айналдыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл зауыт Абай облысын өңірлік технокадрлар орталығына ай­налд­ырып, Қазақстанның Орта­лық Азиядағы цифрлық және өн­дірістік хаб ретіндегі рөлін күшейтеді.

Сонымен қатар Абай облы­сында салынып жатқан катодты мыс зауыты – Қазақстанның индустриялық әлеуетін артты­ратын ауқымды жоба. 1,5 млрд доллар инвестиция тартылған бұл зауыт өңдеу өнеркәсібін дамытып қана қоймай, 1000-нан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар экспорттық табысты ұлғайтуға, өңірдегі әлеуметтік-экономи­ка­лық ахуалды жақсартуға ықпал етеді. Абай облысы үшін бұл – экономикалық дербестікке апа­рар маңызды қадам.

Басқа өңірлерде де өз бағы­тына сай маңызды жобалар жү­зеге асырылып жатыр. Атап айтар болсақ, Қарағанды облысы 1,4 трлн теңге инвестиция тартып, өңірлер арасында жоғары көрсет­кішке жетті. Бұл облыста Qarmet АҚ-ның өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында 3,5 млрд долларлық жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында 2028 жылға дейін 9 млн тонна көмір өндіру, 5 млн тонна темір кені кон­центратын және 5 млн тонна болат шығару жоспарланып отыр. Бұл бастама 2000 жаңа жұмыс орнын құруды көздейді.

Түркістан облысы да инвес­тиция тартуда белсенділік таныт­ты. 2024 жылдың 9 айында өңірге 822,3 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш жылдық жоспардың 122%-ын құрады. Өңірде 59 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, олардың жал­пы құны – 142,4 млрд теңге. Бұл жобалар аясында 2 233 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. 

Павлодар облысында да ин­вестициялық белсенділік жоғары болды. 2024 жылы өңірге 1,1 трлн теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш 35,8%-ға артты. Бұл өсім өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымдық жобаларға салынған инвестициялармен байланысты.

Маңғыстау облысы 1,1 трлн теңге инвестиция тартып, өңірлер арасында жоғары көрсеткішке жетті. Өңірде KazAzot Prime ЖШС аммиак-карбамид кеше­нінің құрылысы жүзеге асыры­луда. Жоба ішкі нарықтың мине­ралды тыңайтқыштарға деген сұранысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кешенді 2029 жылы іске қосу жоспарлануда, инвестиция көлемі шамамен 1,5 млрд доллар.

Қызылорда облысында 2024 жылы инвестициялар көлемі 20,5%-ға өсіп, 1 трлн теңгеге жет­ті. Бұл өсім ауыл шаруа­шылығы мен инфрақұрылымдық жоба­ларға салынған инвестициял­ар­мен байланысты.

Жетісу облысы 2024 жылы ин­вестициялар көлемін 37,8%-ға арттырып, 522,3 млрд теңгеге жетті. Бұл өсім өңірдегі инфрақұ­ры­л­ымдық жобалар мен ауыл шаруашылығына салынған инвес­тициялармен байланысты.

Қостанай облысында «ССГПО» АҚ базасында құра­мында 90%-дан астам темір бар, жылына 2 млн тонна ыстық бри­кеттелген темір өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр. Жоба­ның жалпы инвестиция көлемі – 1,2 млрд доллар. 1000 тұрақты жұмыс орнын құру көзделген.

Батыс Қазақстан облысында Сатимола кен орны базасында калий хлоридін өндіретін байыту-өндірістік кешеннің құрылысы жүзеге асырылуда. Кәсіпорын қуаттылығын біртіндеп арттыра отырып, төрт кезеңде іске қо­сы­лады. Болашақта жылына 12 млн тонна калий хлориді өнді­рілетін болады. Жобаның жалпы құны – 2,4 млрд доллардан асады. 4000-нан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Жалпы алғанда, 2024 жылы Қазақстанның өңірлерінде ин­вес­тиция тарту деңгейі әртүрлі бол­ды. Кейбір өңірлерде инвес­ти­ция көлемі артса, кейбірінде төмендеді. Бұл жағдай өңірлік ерекшеліктер мен экономикалық факторларға байланысты. Ал­да­ғы уақытта инвестициялық сая­сат­ты жетілдіру және өңірлік даму бағдарламаларын тиімді жү­зеге асыру арқылы инвестиция тарту деңгейін арттыруға болады.

Ең алдымен, инвестиция тар­ту арқылы өңірлерде жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұл әсіресе жұмыссыздық деңгейі жоғары, экономикалық белсен­ділігі төмен аудандар үшін өте өзекті. Екінші­ден, инвестиция есебінен өңірлік инфрақұрылым жақсарады. Жол­дар жөнделіп, жаңа теміржол не­месе әуежай құрылыстары жүр­­гізіледі, сумен және электр қуа­­тымен қамта­масыз ету жүйе­лері жаңартылады. Үшіншіден, инвестициялар ар­қылы өңірлерге жаңа техно­ло­гиялар мен өнді­рістік мәдениет келеді. 

Инвестициялар әлеуметтік-экономикалық теңдікті сақтау­­да маңызды рөлге ие. Егер тек орта­лық аймақтар емес, шалғай өңір­лер де дамыса, ел ішіндегі әлеу­меттік теңсіздік, көші-қон, ур­ба­ни­зация қысымы сияқты мәселелер азаяды. Халық өз туған жерінде өмір сүруге, еңбек етуге ынталы болады. Бұл – мем­лекет­тің тұтастығы мен ішкі тұ­рақты­лығы үшін өте маңызды фактор. Сонымен қатар эконо­ми­калық өсімнің ғана емес, әлеу­меттік әділеттіліктің, халық­тың тұрмыс сапасының, ел ішін­дегі тұрақты­лықтың кепілі. Сол себепті бұл бағыттағы саясат ке­шенді түрде жалғасуы тиіс. Ин­весторлар үшін қолайлы жағ­дай жасап, әр өңірдің әлеуетін толық ашу – Қазақ­стан­ның ұзақ­мерзімді дамуы мен гүлде­нуі­нің басты жолы.

Кәмила ДҮЙСЕН