Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді

Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының маңында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында қоқыс өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға орнында жерді қалпына келтіру, топырақпен толтыру және өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

AMP

Өртті жоюға ТЖД, ЖАО, ПД, ТЖМ №28237 ӘБ күштері мен құралдары жұмылдырылды.